Главная / Новости / Түркия газалықтарға баспана сыйлады

Түркия газалықтарға баспана сыйлады

Түрік мемлекеті Газа аймағында баспанасыз қалғандар үшін тұрғын үй кешенін салуға 12,5 млн доллар қаржы аударды. «Түрік дауысы» баспасөз орталығының хабарлауынша, түрік билігі Газа аймағында 15 тұрғын үй кешенін тұрғызбақ.

Аймаққа құрылыс материалдарын жеткізу жөнінде Палестинаны қоршап тұрған Израиль әскерлерімен де келісімге қол жеткізілген көрінеді.

Былтырғы жылдың шілде-тамыз айларында болған Израиль басқыншыларының шабуылынан Газа аймағында екі мыңнан астам қаза тапқан болатын. олардың 600-ге жуығы балалар еді. Ал, жарақат алғандардың саны 10 000 асып жығылған. Бұдан бөлек мыңдаған отбасы баспанасыз қалған еді. 

 

Если вы нашли ошибку, выделите ее и нажмите Shift + Enter или нажмите здесь, чтобы сообщить нам.

Комментарии

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Scroll To Top