Главная / Новости / Облыс әкімі «Нұр-Ғасыр» мешітінде

Облыс әкімі «Нұр-Ғасыр» мешітінде

Ақтөбе облысның әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр» мешітіне арнайы келді.

Мешіттің ішкі-сыртқы, күнделікті жұмыстарымен облыстық өкіл имам Нұрлан Байжігітұлы таныстырып, мешіт имамдары жамағатқа дәріс беруді қолға алғандығынан хабардар етті. Қала жұртшылығына жұмыстан тысқары жағдайларына қарай кез-келген уақытта облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінде дәріс алуына мүмкіндігі жасалынған. Осы шәкірттермен жекелей танысқан өңір басшысы ризалығын білдіріп, сұхбаттасты.

«Дәріс алу өте дұрыс. Сауатты саналы ең негізгісі – бақытты болуға жол ашылады. Сонымен қатар, теріс ағымдарға ілеспеуге білімді болудың маңызы зор. Ел ішінде дәстүрлі ислам мен ата-баба дәстүрі кеңінен таралуына себепші боласыздар» — деді облыс әкімі. Облыстық мешіттің жамағатымен, жастарымен кездесуде де әкім бірлікке, ынтымаққа үндеді. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Если вы нашли ошибку, выделите ее и нажмите Shift + Enter или нажмите здесь, чтобы сообщить нам.

Комментарии

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Scroll To Top