Главная / Новости / Мұсылман қызына тиіскісі келген исламофоб күлкіге қалды

Мұсылман қызына тиіскісі келген исламофоб күлкіге қалды

Көшеде кездескен мұсылман қызына тиісіп, өзін «қаһарман» етіп көрсеткісі келген ағылшындық азамат елдің күлкісіне қалды. Әлеуметтік желілердің біріне мұсылман қызын масқараламақ болып, жазба қалдырған Мэтью Дойл есімді бұл жігіттің ақымақтығын тек мұсылмандар ғана емес, басқа дін өкілдері де әжуаға айналдырып, әбден күлкіге батқан.

«Кеше Кройдон көшесінде мұсылман қызын тоқтатып, Брюссельдегі жарылыстың мәнін сұрадым. Ал, ол болса, «менің бұған қатысым жоқ» дейді. Жауаптан жалтарып кетті» деп өзінше желпінген жігіт біреуге атқан тасының өз басына түсерін тіптен де ойламаған секілді.

Ойланбай айқан сөз қашанда опық жегізеді. Әлеуметтік желі қолданушылар оның бұл сөзін бірден іліп әкетіп, «Кеше мен Кройдон көшесінен бір немісті ұстап алып, Гитлер мен Холокоста қырғыны туралы сұрадым. Ал, ол болса, «менің бұған қатысым жоқ» дейді. Жауаптан жалтарып кетті» деген сынды жазбалармен келемежге айналдырған.

Если вы нашли ошибку, выделите ее и нажмите Shift + Enter или нажмите здесь, чтобы сообщить нам.

Комментарии

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Scroll To Top